Редакционная политика

Редакциялық саясат

Мақаланы жариялау шарттары

«Горение и плазмохимия» журналы тоқсан сайын жарық көреді. Шығарылымдар келесі мерзімдерде жарияланады: бірінші – 30 наурызға дейін, екінші – 30 маусымға дейін, үшінші – 30 қыркүйекке дейін, төртінші – 25 желтоқсанға дейін.

Журнал тақырыбы мен талаптарына сәйкес келетін, бұрын жарияланбаған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қолжазбалар жариялауға қабылданады. Барлық материалдар Авторларға арналған нұсқаулыққа сәйкес рәсімделуі тиіс.

Қолжазба электронды платформа арқылы, барлық метамәліметтер мен авторлар туралы толық ақпаратты көрсете отырып, жауапты автор тарапынан жүктелуі тиіс.

«Горение и плазмохимия» журналына қолжазба ұсыну арқылы автор(лар) материалдың (түпнұсқа немесе басқа тілдерден аударылған нұсқасы) бұрын еш жерде жарияланбағанын және басқа басылымдарда қарастырылмағанын растайды.

Қолжазбамен жұмыс істеудің барлық кезеңдері, соның ішінде редакция мен жауапты автор және рецензенттер арасындағы өзара әрекеттестік электронды платформа арқылы, қажет болған жағдайда электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Плагиат пен авторлық құқықты бұзу мәселелері

«Горение и плазмохимия» журналы редакциясы қолжазбалардың формальді талаптарға сәйкестігін тексеріп қана қоймай, Crossref: Similarity Check Powered by iThenticate жүйесі арқылы оларды плагиатқа талдайды.

Қолжазбада теориялық және эксперименттік зерттеулердің жаңа нәтижелері ұсынылуы тиіс. Бір жарияланымнан алынған мәтін көлемі ғылыми мақалалар үшін 15%-дан, шолулық материалдар үшін 25%-дан аспауы тиіс. Өзін-өзі дәйектеу деңгейі 20–25%-дан аспауы қажет.

Егер қолжазбадан ғылыми этиканың халықаралық қауымдастықта қабылданған қағидалары, стандарттары мен нормаларын бұзу фактілері анықталса, журнал редакциясы Публикациялық этика жөніндегі комитеттің (COPE) стандарттарын басшылыққа алады.

Егер «Горение и плазмохимия» журналында жарияланған мақалада этикалық бұзушылықтар дәлелденсе, редакция ол мақаланы кері қайтарып (ретракция жасап), журналдың ресми сайтынан алып тастайды және автор(лар) жіберген нақты бұзушылықтарды көрсетеді. Ретракция туралы ақпарат журналдың келесі санында жарияланады.

Этикалық қағидаларды бұзғаны дәлелденген мақаланың жауапты авторы келесі 3 жыл ішінде «Горение и плазмохимия» журналына мақала ұсыну құқығынан айырылады.

Рецензиялау үдерісі

Редакцияға келіп түскен, Авторларға арналған нұсқаулыққа сай рәсімделген барлық қолжазбалар міндетті түрде рецензияланады.

Журналда біржақты «соқыр» рецензиялау тәсілі қолданылады: мақаланы кемінде екі тәуелсіз маман рецензиялайды. Олар ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) дәрежесіне ие және қолжазба тақырыбына сай ғылыми мамандануына ие болуы тиіс.

Рецензиялар алынғаннан кейін жауапты хатшы оларды авторға рецензенттер туралы ақпаратты көрсетпей жібереді. Автор ескертулерге жауап беріп, қажетті түзетулерді енгізіп, жаңартылған қолжазбаны электронды платформа арқылы қайта жүктеуі тиіс.

Түзетілген нұсқа мен рецензент ескертулеріне берілген жауап жауапты хатшы арқылы қайта рецензияға жолданады.

Екі рецензенттен де оң қорытынды алынған жағдайда мақала журналда жариялануға ұсынылады.

Егер бір рецензент оң, екіншісі теріс пікір білдірсе, қолжазба үшінші сарапшыға қосымша рецензияға жіберіледі. Үшінші рецензент оң қорытынды берген жағдайда соңғы шешімді бас редактор қабылдайды. Екі теріс рецензия болған жағдайда мақала жарияланудан бас тартылады.

Рецензиялау мерзімі жауапты хатшымен белгіленеді және әдетте 4–5 аптадан аспайды.

Авторлар мақала жариялаудан ресми бас тарту алғаннан кейін ғана өз материалын басқа басылымға ұсынуға құқылы.

Ашық қолжетімділік және архивтеу саясаты

«Горение и плазмохимия» журналының мазмұны ресми сайтта ашық қолжетімді. Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы және мұрағаттағы нөмірлерінің электронды нұсқаларымен таныса алады.

Авторлық құқық және лицензиялау

Журнал авторлары ғылыми жұмысқа авторлық құқықты сақтай отырып, оны «Creative Commons Attribution License (CC BY 4.0)» лицензиясы бойынша журналға бірінші болып жариялау құқығын береді.

Мақала толық немесе ішінара пайдаланылған жағдайда (автор немесе басқа тұлғалар тарапынан) бастапқы дереккөзіне – журналға – сілтеме жасау міндетті. Сілтемеде автор(лар)дың аты-жөні, мақала атауы, том, нөмір, беттер және жарияланған жылы көрсетілуі тиіс.

Құпиялылық саясаты

Авторлар туралы ақпарат, соның ішінде аты-жөні, жұмыс орны, байланыс деректері, лауазымы мен ғылыми дәрежесі, сондай-ақ халықаралық мәліметтер базаларындағы профилінің сілтемелері мақалада «Авторлар туралы мәлімет» бөлімінде беріледі.

«Горение и плазмохимия» журналының редакциялық алқасы рецензенттерден басқа үшінші тұлғаларға қолжазбалар туралы ақпаратты жариялауға жол бермейді. Сонымен қатар, рецензенттер туралы мәлімет авторларға немесе басқа тұлғаларға берілмейді.