Цель и задачи журнала

«Горение и плазмохимия» журналы 2003 жылдан бастап Жану мәселелері институтында шығарылып, қазіргі уақытта әртоқсан сайын шығады. Журналда эксперименттік және теориялық зерттеулерді қамтитын ғылыми мақалалар мен шолулар жарияланады.

Журналдың мақсаты – жану және плазма химиясы, жарылғыш заттар мен пиротехникалық материалдар технологиялары, химиялық физика, материалтану, нанотехнология және химиялық инженерия салаларындағы өзекті ғылыми идеялар мен зерттеу нәтижелерін тарату. Журнал ғалымдардың кең ауқымына, соның ішінде жақын салалардың мамандарына арналған.

Журналдың мақсаты:

– Журналдың тақырыптық бағытына сәйкес ғылыми зерттеулерді жариялау;

– Қазақстаннан және басқа елдерден жетекші сарапшыларды тарту арқылы редакциялық алқа мен рецензенттер базасын кеңейту;

– Тиісті салалардағы жетекші ғалымдармен және сарапшылармен тәуелсіз сараптама жүргізу - арқылы жоғары ғылыми стандарттарды қамтамасыз ету;

– Журналдың халықаралық ғылыми деректер базасына қатысуын кеңейту;

– Қазақстандық ғалымдардың әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына ықпал ету.