Журнал туралы
Журнал туралы
Баспа ISSN: 1683-3902 | Онлайн ISSN: 3078-4778
Негізін қалаушы және баспагер: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны
Периодтылығы: 2003 жылдан бастап тоқсан сайын шығады
Жариялану тілі: қазақ, орыс, ағылшын
«Горение и плазмохимия» журналы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген (БАҚ есебіне қою туралы куәлік №2656-Ж, 2002 жылғы 7 ақпан). 2014 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде қайта тіркелген (мерзімді баспа басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік №14299-Ж).
«Горение и плазмохимия» журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіміне енгізілген (№597 бұйрық, 2021 жылғы 19 шілде).
2025 жылы журнал "Химиялық инжиниринг" атты жаңа ғылыми бағытпен толықтырылып, ҚР ҒЖБМ Ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған №2 тізімге енгізілді (№110 бұйрық, 2025 жылғы 29 қаңтар).
Журнал Қазақстандық дәйексөздер дерекқорында (ҚазБЦ) "Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ базасында индекстеледі.
Журналдың мақалалары elibrary.ru ғылыми электрондық кітапханасында ашық қолжетімді форматта орналастырылған және «Ресей ғылыми дәйексөз индексі» (РИНЦ) аналитикалық дерекқорына енгізілген.
2019 жылдан бастап журналдағы мақалалар CrossRef-та тіркеліп, әрбір авторлық жарияланымға DOI беріледі.
ЖУРНАЛДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ
Журнал келесі салалар бойынша эксперименттік және теориялық зерттеу нәтижелерін түпнұсқалық мақалалар, шолулар және конференция материалдары түрінде жариялайды:
- жану және плазмохимия
- жарылғыш заттар мен пиротехникалық материалдар технологиясы
- химиялық физика
- материалтану
- нанотехнологиялар
- химиялық инжиниринг


