Процесс рецензирования
Рецензиялау үдерісі
- Журналға келіп түскен қолжазбаны жауапты хатшы журнал талаптарына және рәсімделу дұрыстығына сәйкес тексереді.
- Тексеруден кейін бас редактор (немесе бас редактордың орынбасары) мақаланы тиісті бөлім редакторына жолдайды немесе оны кері қайтарады.
- Бөлім редакторы мақаланы рецензенттерге жібереді. Рецензиялар алынғаннан кейін бөлім редакторы бас редактормен (немесе оның орынбасарымен) бірлесіп, мақаланы жетілдіру қажеттілігі немесе оны қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
- Бөлім редакторы автор түзеткен мақала нұсқасын және рецензенттің ескертулеріне берілген жауапты рецензентке қайта қарауға жолдайды. Рецензиялау үдерісі рецензенттердің барлық ескертулері (ұсыныстары) толық жойылып (жетілдіріліп), бөлім редакторы мен бас редактор (немесе оның орынбасары) мақала бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін жалғасады.
- Қабылданған мақала редакциялау (тілдік және техникалық түзету), беттеу, автор тарапынан тексеру және соңғы жариялау кезеңдерінен өтеді.
Журналда авторлар рецензенттердің кім екенін білмейтін біржақты «соқыр» рецензиялау жүйесі қолданылады.


