Политика открытого доступа

Ашық қолжетімділік саясаты

«Горение и плазмохимия» журналы өз мазмұнын ресми сайтында ашық қолжетімді түрде ұсынады. Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы шығарылымының, сондай-ақ мұрағаттағы нөмірлерінің электронды нұсқаларымен еркін таныса алады.

Авторлық құқық және лицензиялау

«Горение и плазмохимия» журналында жарияланған мақалалардың авторлары ғылыми еңбегіне авторлық құқықты өздерінде сақтай отырып, журналға алғашқы жариялау құқығын береді.

Мақаланың толық немесе ішінара кез келген кейінгі пайдаланылуында – авторлар тарапынан болсын, өзге тұлғалар тарапынан болсын – бастапқы дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Сілтемеде автордың (немесе авторлар ұжымының) аты-жөні, мақала атауы, журналдың томы, нөмірі, беттер аралығы және жарияланған жылы көрсетілуі қажет.