Гудронды озон-ауа қоспасымен тотықтырып битум алу процесін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.18321/cpc23(1)63-70Кілт сөздер:
гудрон, битум, озон-ауа қоспасы, тотықтыру, мұнайдың ауыр қалдықтарыАңдатпа
Мұнай өңдеу өнеркәсібінің өзекті мәселелерінің бірі – мұнай битумын алу процесінің қарқындылығын арттыру. Бұл мақсатта тотықтырғыш ретінде қолданылатын ауаны беру тиімділігін арттыру, қондырғы конструкциясын жетілдіру тәсілдері ұсынылған. Бұл жұмыста мұнайдың ауыр қалдығы – гудроннан битум алу үшін тотықтырғыш ретінде озон-ауа қоспасы ұсынылып, битум алу процесі зерттелді. Битум алу шикізаты ретінде «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС гудроны қолданылды. Гудронды тотықтыру процесі 240-260 0С температура аралығында 2-4 сағат бойы жүргізілді. Озон-ауа қоспасындағы озонның мөлшері 90%, қоспаның шығыны – 1 кг шикізатқа есептегенде 5 л/мин болды. Гудрон және оны тотықтыру өнімдерінің 25 0С-тағы иненің ену тереңдігі, жұмсару температурасы, жоғалту бұрышының тангенсі анықталып, процесс уақытына және температураға тәуелділіктері алынды. Тотықтыру өнімдерінің жұмсару температурасының максималды және иненің ену тереңдігінің минималды мәндері байқалатын 250 0С процестің оңтайлы температурасын көрсетті. Гудронды 4 сағат тотықтыру өнімінің тұтқыр серпімді күйден сұйық күйге ауысу температурасының мәні бастапқы гудронмен салыстырғанда 16,4 0С-қа жоғарылады. Тотығу өнімдерінің сипаттамалары ҚР СТ 1373-2013 стандарты бойынша талаптармен салыстырылып, БНД 70/100 маркасына сай келетіндігі анықталды. Тотықтырғыш ретінде ауамен бірге озонды пайдалану тотығу процесінің ұзақтығын 4 сағатқа дейін қысқартты.
Әдебиеттер тізімі
(1) Kamyanov VF, Lebedev AK, Sivirilov PP (1997) Ozonolysis of petroleum raw materials [Ozonoliz neftyanogo syr'ya] MGP “Rasko”, Tomsk, 256 p. (In Russian).
(2) Kamyanov VF, Sivirilov PP, Litvintsev IY (2010) Method for obtaining an additive for activating secondary oil refining processes [Sposob polucheniya dobavki dlya aktivatsii vtorichnykh protsessov neftepererabotki]. Patent of Russian Federation No. 2117028. Publ. 10.08.1998.
(3) Bayasgalan H, Bembel VM, Golovko AK, Shirchin B (2008) Oil refining and petrochemistry [Neftepererabotka i neftekhimiya] 7:17-20. (In Russian).
(4) Dzhumaeva O, Solodova NL, Emelyanycheva EA (2016) Bulletin of the Technological University [Vestnik tekhnologicheskogo universiteta] 19:43-48. (In Russian).
(5) Murashkina AV, Meshcheryakova EA, Likhterova NM (2010) Bulletin of MITHT [Vestnik MITHT] 5:63-69. (In Russian).
(6) Hong PK, Cha Z (2011) Ozonation conversion of heavy hydrocarbons for resource recovery. Patent of WO No. 2011/137378 A2. Publ. 29.04.2011.
(7) Hong PK, Cha Z (2012) Ozonation conversion of heavy hydrocarbons for resource recovery. Patent of US 9,090,834 B2. Publ. 30.10.2012.
(8) Sahu MK, Tewari K, Sinha ASK (2011) Indian Journal of Chemical Technology 18:91–98.
(9) Krivtsov EB, Sviridenko NN, Golovko AK (2013) Bulletin of Tomsk Polytechnic University [Izvestiya Tomskogo politekhnicheskogo universiteta] 3:37-42. (In Russian).
(10) Sviridenko NN (2016) Regularities of thermal transformations of natural bitumen components [Zakonomernosti termicheskikh prevrashcheniy komponentov prirodnykh bitumov]. Dissertation for the degree of candidate of chemical sciences. Tomsk, 2016. 134 p.
(11) Hendessi S, de Klerk A (2016) Energy Fuels 30:8941-8951. Crossref
(12) Ongarbayev Y, Imanbayev Y, Tileuberdi Y, Akkazin Y, Golovko A, Mansurov Z (2017) Industry of Kazakhstan [Promyshlennost' Kazakhstana] 1:59-63. (In Russian).
(13) Zhambolova A, Ongarbayev Y, Tileuberdi Y, Teltayev B (2022) Eurasian Chemico-Technological Journal 24:21-32. Crossref
(14) ST RK 1226-2003. Bitumens and bitumen binders. Method for determining the depth of penetration of a needle. Astana, 2003.
(15) ST RK 1227-2003. Bitumens and bitumen binders. Determination of softening point by the ring and ball method. Astana, 2003.
(16) Hashami M, Ongarbayev Y, Abdikhan D, Akkazin E, Nessipbayeva N (2025) Processes 13:708. Crossref
(17) Zhambolova A, Kenzhegaliyeva A, Ongarbayev Y (2024) Infrastructures 2024:9, 146. Crossref
(18) ST RK 1373-2013. Bitumens and bituminous binders. Road binder petroleum bitumens. Technical conditions. Astana, 2013.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Е.К. Онгарбаев, Д.Б. Абдихан, А.Р. Кенжегалиева, А.Б. Жамболова, Е.А. Акказин, Н.Н. Несипбаева

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.